
Матыжанов Кенжехан. Қазақ мәдениетіндегі ойын феномені: тегі, табиғаты, типологиясы, трансформациясы. – Алматы: «Service Press», 2022. – 480 б.
ISBN 978-601-354-126-6
Қолдарыңыздағы кітап – ұлттық мәдениеттің алтын өзегі саналатын ойын феноменінің тегі мен табиғатын, типологиясы мен қоғамдық-әлеуметтік қызметін, оның бүгінгі өмірге трансформациялану үрдістерін саралауды мақсат тұтқан зерттеу еңбек.
Аталмыш монографияда ұлттық ойындардың (ойындық фольклор) жанрлық табиғаты, жүйелену, жіктелу тәжірибесі, зерттелу тарихнамасы, даму, өзгеру жолдары ғылыми тұрғыдан тұңғыш рет кешенді түрде сараланған.
Автор дәстүрлі фольклордағы ойын құбылысын түрлі ғылым салаларымен (философия, психология, этнология, педагогика т.б.) сабақтастықта қарастыра отырып, қолжазба қорлардан, бұған дейінгі жарық көрген әртүрлі басылымдардан жинаған мәтіндерді молынан қамтып, ойындық фольклордың табиғаты мен жанрлық жүйесі жөнінде тиянақты пайымдаулар жасайды.
Ғылыми еңбек гуманитарлық ғылым саласындағы ғалымдар мен мамандарға, осы салаға қызығушылық білдіріп жүрген магистранттар мен докторанттарға, студенттерге арналған.